«Өткен жылы төлем карточкаларымен қолма-қол емес операциялар көлемі 6,4 трлн теңгеге дейін (екі есе) өсті. Халықтың Интернет және мобильді банкинг арқылы транзакциялары үш есе өсті. Күн сайын бұл арналар арқылы 8,6 млрд теңге сомаға 500 мың операция жүргізіледі. Ұлттық банк 7 ақпанда «Suńqar» мезеттік төлем жүйесін іске қосқанын айтты. Бүгінде 3 банк қызмет көрсетуде», - деді ҰБ төрағасы.
Сонымен қатар ол кредит беру нарығы қалпына келе бастағынын айтты.
«Өткен жылы жаңа кредиттер беру 24 пайызға немесе 2,6 трлн теңгеге өсті. Экономиканы кредиттеудің жылдық өсуі 7 пайызға немесе 884 млрд теңгеге бағаланады. Кәсіпорындарға теңгемен кредиттер бойынша ставка жыл басында 13,2 пайыздан желтоқсанда 11,7 пайызға дейін төмендеді», - деді Д.Ақышев.