«Биылғы жылдың 14 ақпан күні Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы бастама көтергені баршамызға аян. Жалпы, Қазақстан халқы Ассамблеясының бұл ұсынысын өзім жүрген жерлерде қалың бұқараның, яғни барша халықтың, зиялы қауым өкілдерінің бірауыздан қолдап, оң пікір білдіріп жатқанының куәсі болдым», - деді ол.
«Бүгінде әлемдегі қаржылық қиыншылықтар мен геосаяси жағдай, тұрақсыздық орнаған Украинадағы әскери қақтығыстар тұсында Қазақстан өзінің қарқынды даму жолын таңдап алды. Еліміздің басты бағдары болған «Мәңгілік Ел» идеясы мен «Нұрлы Жол» бағдарламасында айтылғандай, халықтың қалауы - тыныштық, бейбітшілік, татулық. Ал бұған әскери адам ретінде айтарым, еліміздегі татулық пен бейбітшіліктің тұрақты кепілі бола білген Елбасы -Тәуелсіз Қазақстан Қарулы Күштерінің негізін салушы», - деп атап өтті Абай Тасболатов.
Оның айтуынша, Президент Н.Ә.Назарбаев Қарулы Күштердің мемлекет өміріндегі рөлі мен маңызын терең түсініп, тәуелсіз елдің қорғаныс саласының қалыптасуы мен дамуына тікелей басшылық етіп келеді. Тәуелсіздік орнағаннан бері қарай Тұңғыш Президентіміз елдің Қарулы Күштерінің қалыптасуына белсене араласып, оны замана талаптарына сай жоғары сапада жетілдіру мәселесін басты назарда ұстауда. Соның арқасында елімізде тыныштық орнаған. «Сондықтан біз де «Нұр Отан» партиясының мүшесі ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының бұл бастамасын толықтай құптайтынымды жеткіземін», - деп түйді сөзін Мәжіліс депутаты.