Халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап айтылды – Ерлан Сайыров Президент үндеуі туралы
«Бүгінгі сөзінде Мемлекет басшысы пандемияға қарсы күрес жөніндегі көптеген мәселелерді қамтыды. Менің ойымша, халықтың көкейінде жүрген, халықтың басым көпшілігі қойып отырған сұрақтарға жауап айтылды», - дейді саясаттанушы.
Сонымен бірге спикер Қазақстанда пандемияға қарсы күрестің үш аспектісі бар екенін атап өтті.
«Бірінші аспект – азаматтардың әрқайсысының жеке тәртібі. Егер карантинде болып, өз тағдырымыз өзімізге байланысты екенін сезінбейтін болсақ, пандемияны жеңу мүмкін емес. Екінші аспект – халықтың басым көпшілігі ауырып, қиын жағдайда қалды. Оларға дәрі-дәрмек, психологиялық көмек қажет. Менің ойымша, дәрі-дәрмекпен және психологиялық көмектің жан-жақты аспектілері қарастырылды. Сонымен бірге, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан адамдардың қайтыс болуы – үлкен трагедия. Осыған байланысты, 13 шілде Аза тұту күні деп жарияланды. Егер осы айтылған мәселелердің барлығы жүзеге асатын болса, пандемияға қарсы күрестің жаңа көрінісі ашылды деп айтуға барлық негіз бар», - деді Е. Сайыров.
Айта кетейік, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеу жасады. Президент 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялады.