Елорда әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, көп жағдайда алаяқтық жылжымайтын мүлік, көлік немесе жер телімін сатып алу кезінде орын алады. Жыл басынан бері қалада 3 000 астам алаяқтық фактісі тіркелген. 500-ден астам қылмыстық іс өндіріске алынып, сотқа жолданды. Алаяқтыққа қарсы тұру - ішкі істер органдарының басты міндеттерінің бірі. Заңға қайшы әрекеттердің артуына халықтың құқықтық сауатсыздығы сеп болады.