Халықтың мақұлдауынсыз еш актіге қол қойылмайды - Бақытжан Сағынтаев

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданы халқымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесукезінде әкім кез келгенжерде халық пікірін ескерудің маңыздылығын атап өтті.

«Бақылаумәселесі болмай жатыр. Адамдар тарапынан мердігерлердің құнттамайтындығы жөнінде шағымкөп. Жасап кетеді, артынан қирап жатыр.Егер жол, арықтар жасалып жатса, тұрғындармен келісіп бақылау орнату керек.Көше тұрғындарының көңілі толмаса, қабылдау- тапсыру актісіне қол қойылмайды.Кісілер сапасы дұрыс десе ғана қол қоямыз», - деді әкім.

Қала басшысымемлекеттік қаржыны игерудегі олқылықтарды да атады.

«Президентайтқандай, бізде көп дүние берілген қаржыны тезірек игеру, есепберумен құтылу болып табылады. Жұмыс 100 пайыз орындалды, аяқталды. Аяқталған ештеме жоқ.Тездетіп ақшаны төлептастадық. Өйткені, жоғары жаққа есеп беру керек. Мұның қажеті жоқ. Мемлекетбөлген, халық игілігінежұмсалған қаржы босқа кетті. Не қаржы жоқ, не жасалған дүние жоқ. Одан даасықпай сапалы жасалсын. Келер жылға көшетін болса, көшсін. Оған түсінікті себеп бар», - деді ол.