Халықтың нақты ақшалай табысы қаңтар-тамызда 1,1 пайызға артты

None
АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Халықтың нақты ақшалай табысы қаңтар-тамызда 1,1 пайызға артты. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Статистка агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Оның айтуынша, 2013 жылғы тамызда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 56 399 теңгені құрады, бұл 2012 жылғы тамызға қарағанда 7% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 1,1 пайызға жоғарылады.

2013 жылғы қыркүйекте қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы (алдын ала деректер) 105 905 теңгені құрады, 2012 жылғы қыркүйекке қарағанда 6,1 пайызға өсті. Нақты жалақы индексі (алдын ала деректер) 2012 жылғы қыркүйекке 100,7 пайызды құрады.