«Мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарын құру арқылы азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу де белсенді жүргізілуде. 1 шілдеге халықтың осал топтарына жататын 26 мың азамат өздерінің бірінші жұмыс орындарын тапты. Субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтылған азаматтардың 36 пайызын жастар құрап отыр. Бұл бағытта Маңғыстау облысы мен Алматы қаласы әкімдерінің көңілін электронды еңбек шарттары үлесінің төмендігіне тағы да бір рет назар аудартқым келеді», - деді Тамара Дүйсенова.
Оның атап өтуінше, биыл жұмыспен қамту үрдісінің мониторингі зейнетақы жарналарының, электрондық еңбек кітапшаларының бар-жоғын тексеру және Отбасының цифрлық картасы бойынша нысаналы топты айқындау жолымен жүргізіледі.
«Атқарылған жұмыс нәтжесінде 297 мыңнан астам отбасының құрамында кемінде 1 адам жұмыс істей бастады. Ал 137 мың отбасының құрамында 2 және одан да көп адам жұмыс істеп жатыр. Олардың бәрі жұмыспен қамту аясында еңбекке жұмылдырылды. Жалпы жұмыспен қамтылған азаматтардың 52 пайызы - ауыл тұрғындары» – деп атап өтті министр.
Осыған дейін электр, су, жылу тарифтері 3-4 мың теңгеге ұлғаятынын жаздық.