Өз мәлімдемелерінде ХАМАС пен оның «Палестиналық ислам жихады» ұйымынан одақтастары келісімге келуге дайын екендіктерін білдірді.
Бұл ретте Reuters агенттігі Израиль шенеунігіне сілтеме жасай отырып, ХАМАС-тың кепілге алынғандарды босатудан бас тартып отырғандығы туралы хабар таратқан.
АҚШ президенті Джо Байден ұсынып, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мақұлдаған атысты тоқтату туралы жоспар, атысты он күнге тоқтатуды көздейді. Кейінірек ол тұрақты сипат алуы керек. Сондай-ақ Израиль азаматтары кепілдіктен, ал палестиналықтар Израиль түрмесінен босатылуы керек.
Израиль мен ХАМАС арасындағы келіссөздерге делдал болып отырған Катар мен Мысыр палестиналық топтың ұсынысқа жауап бергенін растады.
Бейсенбі күні кешкісін жасаған мәлімдемесінде ХАМАС Газада атысты толық тоқтатуға шақырды.