ХАМАС израильдік кепілге алынғандарды босатуға және Трамптың жоспарын талқылауға дайын

Фото: Anadolu Ajansı

АСТАНА. KAZINFORM – Топ «Дональд Трамп жоспарының» бір тармағына сәйкес Израильге барлық тұтқынды – тірі де, өлі де күйінде беруге келісті, деп хабарлайды DW.

– Қозғалыс осы келісімнің егжей -тегжейін талқылау үшін делдалдар арқылы келіссөздерді дереу бастауға дайын екендігін растайды, - деп келтіреді Al Jazeera ХАМАС мәлімдемесін. 

Сондай-ақ топ Газа секторын басқаруды «Палестина ұлттық консенсусына және арабтар мен исламды қолдауға негізделген» тәуелсіз органға беруге келісім берді.

ХАМАС АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторында атысты тоқтатып, тұтқын алмасу жөніндегі жоспарына жақын арада жауап беретінін жазған едік.