ХАМАС кепілге алынған екі адамды жіберіп, тағы төртеуін босатуға уәде берді
АСТАНА. KAZINFORM – Топ өкілдері Израильмен жасалған келісім аясында кепілге алынғандарды Қызыл Крест өкілдеріне тапсырды. Адамдарды тапсыру Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласында өтті, деп хабарлайды BBC.
ХАМАС анклавтың орталық бөлігіндегі Нусейратта кепілге алынған қалған адамдарды босатуы тиіс.
Бостандыққа бірінші шыққандар – Таль Шохам мен Авера Менгисту. Бұрынғы барлық жағдайлардағыдай, кепілге алынғандар босатылғанға дейін қарулы адамдар қоршалған аймаққа шығуы тиіс еді. Таль Шохам дайындалған мәтінді оқыды, содан кейін ол Менгистумен бірге Қызыл Крест өкілдеріне тапсырылды.
39 жастағы Таль Шохам әйелі және балаларымен бірге Беэри кибуциінде тұтқынға алынған. Оның туыстары 2023 жылдың 25 қарашасында босатылды. Авера Менгисту түрмеде 10 жылдан астам уақыт отырды.
ХАМАС сенбі күні босататын кепілге алынған 6 адамның есімін атады. Таль Шохам мен Авера Менгистуден басқа, олардың арасында Элия Коэн, Омер Шем-Тов, Омер Венкерт және Хишам ас-Саид бар.
Оның орнына Израиль 602 палестиналық тұтқынды босатуды жоспарлап отыр.
Бұған дейін ХАМАС ұзақ мерзімді бітімге келу және қоршаудағы анклавтан Израиль әскерін толық шығару үшін Газа секторында қалған барлық тұтқынды бірден босатуды ұсынды.