Қараша айының басында Қатар Израиль мен ХАМАС арасындағы келіссөздерге делдалдықты тоқтатты. Катар Сыртқы істер министрлігінің басшысы Маджид бен Мұхаммед әл-Ансари Газадағы атысты тоқтату мәселесін шешуде екі жақ байсалдылық танытса, Доха қайтадан арағайындыққа келуге дайын екенін айтты.
– ХАМАС-тың жоғары лауазымды мүшелері өткен аптада Қатардан Түркияға көшті, өйткені Доха Газадағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздердегі делдалдықтан бас тартады, – делінген хабарламада.
Аты-жөнін атамауды өтінген араб дипломатының The Times of Israel газетіне айтуынша, Катар Израильмен келіссөздерге ресми түрде араша болған кезде де ХАМАС қозғалысының басшылығы көп уақытын Түркияда өткізген.