Израиль армиясының мәліметінше, ХАМАС Қызыл Крест ұйымына кепілге алынған 17 адамды – 13 израильдік, 1 ресейлік және 3 Тайланд азаматын тапсырған.
Ресей төлқұжаты бар кепілге алынған адам ХАМАС-пен алмасу тізімінен тыс тікелей келісімдер нәтижесінде босатылды, жақын арада ресейлік дипломаттар босатылған ресейлікке барады. Бұл туралы ТАСС агенттігіне Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова хабарлады.
- Ресей дипломаттарының ХАМАС-пен байланыста болған кепілдегілерді босатуға бағытталған талпыныстары өз нәтижесін беруде. Бүгін Ресей төлқұжатының иесі босатылып, Қызыл Крест ұйымына тапсырылды. Ресей дипломаттары оған тез арада барады. Бұл тұтқындарды босату туралы келісім аясындағы тізімінен тыс орын алды. Ресейлік өкілдер мен ХАМАС арасындағы тікелей байланыстар болды. Бұл жұмыс әлі де жалғасады», - деді ол.
Захарованың айтуынша, босатылған ресейлік - Рон Олегович Кривой.
Бұған дейін ХАМАС саяси бюросының басшысы Исмаил Ханиенің баспасөз хатшысы Тахер әл-Нуну ТАСС агенттігіне қозғалыс Ресей азаматтығын алған кепілді босатып, оны Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілдеріне тапсырғанын мәлімдеген.
Қазан айының соңында Ресей президентінің Таяу Шығыс және Африка елдері бойынша арнайы өкілі, Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богданов ТАСС агенттігіне ХАМАС қозғалысы өкілдері Ресей Федерациясының кепілдегі сегіз ресейлікті босату туралы өтінішіне жауап беруге уәде бергенін айтты.