ХАМАС төрт тұтқынның денесін беруге дайындалып жатыр

Фото: Фото: bbc.com

АСТАНА.KAZINFORM - ХАМАС бейсенбі күні тараптар арасындағы келісім аясында палестиналық тұтқындарға айырбас ретінде кепілге алынған төрт адамның мәйітін Израильге береді, деп жазады ВВС.

Содырлардың айтуынша, олардың арасында 7 қазандағы Израиль трагедиясының символына айналған сары шашты ұлдар Ариэль мен Кфир Бибас, сондай-ақ олардың анасы Шири бар. Израиль әлі балалардың өлімін ресми түрде растаған жоқ.

Ұрланған кезде Кфир Бибас небәрі 10 айлық болған. Әйелі Шири және екі баласымен тұтқындалған 35 жастағы Ярден Бибас 1 ақпанда босатылды.

ХАМАС содырлары Израильде сотталған газалықтардың орнына осы сенбіде кепілге алынған алты адамды, сондай-ақ келесі аптада тағы төрт құрбанның мәйітін қайтармақшы.

Премьер-министр Биньямин Нетаньяху кеңсесі бейсенбі күні берілетін тұтқындар туралы ақпаратты растады, бірақ олардың есімін атамады.

Айта кетейік, соғысты тоқтаттаяуу келісімі аясында ХАМАС Қызыл Крест ұйымына кепілге алынған үш адамды тапсырды.