АСТАНА. KAZINFORM — ХАМАС ұйымы қазіргі уақытта босатылатын тұтқындардың есімі бойынша соңғы келісімді күтіп отырғандықтарын жариялады. Бұл туралы Aljazeera сайты жазды.
Палестиналық топ Telegram-да жариялаған мәлімдемеде «атысты тоқтату туралы келісімде келісілген критерийлерге сәйкес, палестиналық тұтқындардың тізімдерін Израильге тапсырды» делінген.
ХАМАС қазір тұтқындардың баспасөз қызметі арқылы оларды көпшілікке жарияламас бұрын «есімдер бойынша соңғы келісімді күтіп жатқанын» айтты.
Бұған дейін ХАМАС Газадағы атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілгенін растады.
Динара Маханова
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі. Еңбек жолын 2011 жылдан бастаған. Әр жылдары аймақтық басылымдар мен «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігі және республикалық «Астана» телеарнасында жұмыс істеген.