Хамид Карзай әскерилерді біркүндік бітімге шақырды

АСТАНА.  Қыркүйектің   21-і.  ҚазАқпарат -  Қыркүйектің  21-і күні   Біріккен  Ұлттар Ұйымының  шешімімен,   Халықаралық  бейбітшілік күні атап өтіледі.

Хамид  Карзайдың айтуынша,  осынау атаулы күннің  қарсаңында  ол   ауған қарулы күштеріне  және шетелдік  әскерилерге      жеке  басының атынан   өтініш жасаған.   

 Ауғанстан   басшысының атап көрсетуінше,  «бір күнге  болса  да,    атыс-шабысты тоқтату -   символикалық қадам, бірақ ол   адамдардың бейбітшілікке  деген талпынысын  көрсетеді».   Карзай   сондай-ақ   ауған    халқы қазір  аса  ауыр      шығынға ұшырап  отырғанын   тағы да еске салды,  деп хабарлайды  РСН агенттігі.