«Хан отау» қазақ жазушыларының рухани ордасы болар еді - жазушы Р.Отарбаев
«Соңғы 6 жылдың ішінде Астанада бар 92 жазушы 80 адам болып бір-ақ рет жиналды. Осыдан үш жыл бұрын. 20-30 адам болып бір-ақ кітапты талқылаппыз. Неге? Себебі Астанада жазушылардың бас қосатын орны жоқ. Міне, қараңыз, елордада қаншама сырты жылтырап тұрған ғимарат бар. Бірақ оның біреуінен де қазақ жазушыларына орын табылмай отыр. Бізде рухани ортаны қалыптастыратын жеріміз жоқ. Мәселен, қазіргі кезде елордада «Хан шатыр» бар. Неге біз өзіміздің бас қосатын «Хан отауымызды» құрмаймыз. Қазіргі кезде бұл іс жылжып жатыр. Ортасына екіқабатты қазақтың киіз үйін қоямыз. Айналасына төрт-бес киіз үй тігеміз. Жүйрік аттарды байлаймыз. Ал ортасына қобыз үнімен субұрқақты жіберіп қоямыз. Міне, бұл біздің рухани ортамыз болар еді», - дейді Р.Отарбаев.