Халықаралық деңгейде өткен бұл шараға Ресей, Израиль, Грузия, Балтық және Орталық Азия елдерінен 25 сұлу бойжеткен келді. Байқаудың бас жүлдесі мен 15 мың доллар көлеміндегі сыйлықты отандасымыз Светлана Расщупкина алды. Бұл туралы «Экспресс-К» газетінде Рүстем Омаров «Одалиски для ханского шатра» атты мақаласында жазды.
Әділқазылар алқасының мүшесі, «Хан шатыр» сауда-ойын-сауық орталығындағы басшылардың бірі Тунч Тузджидің айтуынша, өзіне сенімді болған Расщупкина бөкендер табынының алдында қыдырып жүрген қаншырды еске түсірді.
Қазылар алқасының арасында Fashion телеарнасының өкілі Зүлфия Хайбулина мен қазақстандық фотограф Ян Рай болды. Ортақ шешім арқылы олар ірі сомадағы ақшалай сыйлықтарды алған бірнеше сұлуды таңдады. Барлық қатысушылардың кәсіби модельдер болғанын айта кеткен жөн.