«Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында «Шаштараз өнерінің шебері» байқауы өтеді
09:57, 08 Шілде 2012
АСТАНА. 8 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін елордада, сағат 15.00-де «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында «Шаштараз өнерінің шебері» байқауы басталады.
Бұған қатысушылар үш аталым: үйлену тойының шаш үлгісі, шаш өрімі арқылы кешкі шаш үлгісін жасау мен креативті шаш кесу және шашты ретімен жатқызу бойынша өзара шеберлік сынасады.Шараны Астана Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы елорда күнін мерекелеу аясында ұйымдастырып отыр.