«Хан Шатыр» сауда-ойын сауық орталығының ашылуына байланысты шілденің 5-інде елордада бірқатар жолдар жабылады
Елордалық Ішкі істер департаментінің Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары Бақытжан Малыбаевтың бүгін өткен баспасөз мәслихатында атап көрсеткеніндей, шілденің 5-і сағат 22:00-де «Хан Шатыр» СОО-ның ашылуы кезінде Тұран көшесінің Сарайшық көшесінен бастап Сығанақ көшесіне дейінгі бөлігіндегі жолда қозғалыс толығымен тоқтатылады. Қоғамдық көліктердің қозғалысы Қабанбай батыр даңғылымен жүзеге асырылатын болады.
Осыған орай, Жол полициясы басқармасы СОО-ның аумағын айналып өтуге болатын 5 бағытты ұсынып отыр. Олардың бірі: Вокзал-Гете көшесі - Республика даңғылы - Ж.Тәшенов көшесі (Тәуелсіздік даңғылы-Б.Момышұлы көшесі - М1 көпірі) - Орынбор көшесі - №23 көше - Қабанбай батыр даңғылы - әуежай.
Екіншісі: Вокзал - Жеңіс даңғылы - Бөгенбай батыр даңғылы - Уәлиханов көшесі - Бараев көшесі - Тәуелсіздік даңғылы - М3 көпірі - Орынбор көшесі - №23 көше - Қабанбай батыр даңғылы - әуежай.
Үшінші айналма жол: Абылай хан даңғылы - Б.Момышұлы даңғылы - М1 көпірі - Орынбор көшесі - №23 көше - Қабанбай батыр даңғылы - әуежай.
Төртінші бағыт: Вокзал - Жеңіс даңғылы - Бөгенбай батыр даңғылы - Сарыарқа даңғылы - Абай даңғылы (Кенесары көшесі) - Республика даңғылы - Ж.Тәшенов көшесі - Орынбор көшесі - №23 көше - Қабанбай батыр даңғылы - әуежай.
Бесіншісі: Абылай хан даңғылы - Қарағанды тас жолы - әуежай.
Сондай-ақ Б.Малыбаевтың айтуынша, Қабанбай батыр даңғылындағы қозғалыстарға шектеу қойылмайтындықтан, «Хан Шатыр» СОО-ның ашылуына көрермендерді арнайы автобустармен жеткізу ұйымдастырылмайды. Яғни қоғамдық көліктер өз кестелеріне сәйкес жүретін болады.