«26 тамыз күні шамамен сағат 18:00-де Астана қаласы «Есіл» аудандық ІІБ кезекші бөліміне сауда-ойын сауық орталығындағы ұрлық туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына келген полицияға «Хан Шатыр» СОСО қауіпсіздік қызметі күдіктіні табыстады», - делінген Астана ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Белгілі болғандай, 24 жастағы Астана тұрғынының дүңгіршектен иіссуді сөмкесіне салып, байқатпай шығып кетуге әрекеттенген. Алайда, сауда орталығының күзетшілері күдікті ұрының жолын кесті.
«Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта күдіктініңқала аумағындағы өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр», - деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметі.