Хан Шатырда қалыңдықтар шеруі өтеді

АСТАНА. қазАқпарат - 7 шілде күні «Хан Шатыр» ойын-сауық кешенінің маңында нәзік жандылар жиналып, қалыңдықтар шеруін өткізеді, деп хабарлайды 24.kz.

Шараға тұрмысқа шыққалы жатқан бойжеткендер мен ақ көйлекті киген қыз-келіншектер, олардың жұбайлары, балалары мен құрбылары, тіпті, үй жануарлары да қатыса алады. Нәзік жандылар тұңғыш ұйымдастырылып отырған шеруге қатысу мүмкіндігімен қоса, фотосессияға түсіп, түрлі ойындарды ойнап, той вальсін билейді. Ұйымдастырушалырдың айтуынша, шараға қатысушыларға қойылатын басты талап - қалыңдық және оны қолдауға келген жақындарының бір стильде киінуі.