Хан тәңірі шыңы туралы фильм түсірілді

None
АЛМАТЫ. 7 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 11 қазанда «Искра» кинотеатрында «Хан Тәңірі: қаңтардың үскірігі»деп аталатын фильмнің тұсаукесері болады.

Ол 7010 метрлік Хан тәңірі шыңына VII қысқы Азия ойындарының ашылуына арналған қысқы экпедиция материалдары бойынша түсіріліп отыр. Оны «Табиғат» Қазақстан экологиялық қауымдастығы мен кәсіпорындар одағы ҚР Қорғаныс министрлігінің Армияшылардың орталық спорт клубымен бірлесіп өткізген болатын. Бұл қазақстандық альпинистердің сәтті өткен алғашқы да, соңғы да спорттық жетістігі емес. Олар 2010 жылы Астана қаласы күніне орай кейін «Астана» деген атқа ие болған шыңды бағындырған болатын. Ал тамыз айында Масұт Жұмаев пен Василий Пивцов әлемдегі ең қиын шыңдардың бірі саналатын К2-де Қазақстан жалауын желбіретіп, «Қазақстандықтар әлемнің барлық 8 мыңдықтарында» бағдарламасын аяқтаған еді.