Хан Тәңірі шыңында Черногориядан келген альпинист қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат-Кабар – Хан Тәңірі шыңында (7 010 метр) 7 тамызда қайғылы оқиға болды – Черногориядан келген альпинист Милан Радович қаза тапты. Оның мүрдесі базалық лагерьге жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

«Физикалық жәнетехникалық дайындықты қажет ететін, 7010 метр биіктіктегі Хан Тәңірі шыңынасәтті шыққан Милан Радович 4-ші биіктік лагеріне түскен болатын. Кейін ол тұрған мұз шытынапкетіп, 1 000 метр құздан құлап, черногориялық альпинист қаза тапты», - делінген «Visokogorci Crne Gore»альпинистер клубының сайтында.

Айта кеткен жөн, марқұмменбірге жұмыс істеген әріптесі Александр Джаджич зардап шекпеген. Ол қайғылыоқиға болған кезде палатканың ішінде болған. Альпинистер палатканы 6 400 метр биіктікте орнатқан.

«Ак-Сай трэвел»туристік компаниясының кеңесші-құтқарушысы Тимур Малахуновтың айтуынша, қазатапқан черногориялық альпинистің денесі базалық лагерьге жеткізілді.

Еске салайық,черногориялық альпинистер Тянь-Шань тауында экспедицияны 20 шілдеде бастаған.Олардың басты мақсаты – 7 439 метр биіктіктегі Жеңіс шыңына шығу болған.