Ханшайым Елизавета II Ұлыбританиядағы ең бай адамдардың тізіміне енбей қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - The Sunday Times газетінің жыл сайын құрастыратын Ұлыбританиядағы ең бай адамдардың тізімінде ең бақуатты 300 британдық азамат кірген. Бірақ бұл рейтингке Ханшайым Елизавета II енбей қалды. Биылғы жылы ханшайым 17 орынға төмен түсіп, 302-ші орында.

Ханшайымның есімі бұл тізімнен 1989 жылдан бастап шықпай жүр, деп жазады Lenta.ru. Тәуелсіз сарапшылар оның байлығын 110 миллион фунтқа (шамамен 170 миллион доллар) бағалады. Ханшайымның байлығын бағалау кезінде арасында Рембранд. Моне, Ландсир және басқа танымал суретшілердің туындылары бар өнер заттары топтамасының бағасы есептелмеді.

Ең бай тұратын британдықтардың тізімін Warner Music иесі Леонид Блаватник бастады. Оның дәулеті 13,2 млрд. фунтқа (шамамен 20 млрд. доллар) бағаланған. Бұдан басқа, тізімге Роман Абрамович (7,29 млрд фунт) пен Ричард Брэнсонның (4,1 млрд фунт) есімдері кірді.

Ұлыбританың ең бақуатты тұратын бірінші мың тұрғынының жалпы дәулеті шамамен 547 млрд. фунт.