Аса Мәртебелі Ханшайым II Елизаветаның Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдауы: «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтетін жылы осы маңызды мерекемен құттықтап, жылы лебіз білдіру мен үшін ерекше мәртебе. Сізге, Қазақстан халқына алдағы жыл тек табыстар әкелсін деген ізгі тілегімді қабыл алыңыз».
20:31, 15 Желтоқсан 2016
Ханшайым Елизавета Қазақстанды Тәуелсіздіктің 25-жылдығымен құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Ханшайымы II Елизавета Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады. Құттықтау мәтіні Қазақстан Республикасындағы британ Елшілігінің Фейсбуктағы парақшасында жарияланды.