«Біз жағдайды бақылауға алдық, ең алдымен қала тұрғындарын орман алқабына барғанда сақ болуға шақырамыз, аюларды тамақтандыруға және ашуландыруға болмайды», - деді азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар істері басқармасының бастығы Евгений Девятков.
Ол сондай-ақ ханты-мансилықтарды өз саяжайлары мен баспаналарының маңында тамақ қалдықтары қоқыстарын қалдырмауға шақырды, бұл аш аңдардың назарын аударуы мүмкін.
LifeNews телеарнасының хабарлауынша, тайга қожайыны округтің Конди ауданында саңырауқұлақ теріп жүрген адамдарға шабуыл жасаған. Жыртқыш 1963 жылғы ер адамды талап өлтірген, ал 15 жастағы жасөспірім мен ересек ер адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Олар жасөспірімнің жандәрмен мылтық атып, аюды үркітуінің арқасында құтылған.
Қазіргі кезде жарақаттанған екі адам Ханты-Мансиск ауруханасында жатыр. Бұл факті бойынша ХМАО бойынша Тергеу комитеті тексеру жүргізуде. Аймақта 16 жыртқыштың көзі құртылды», - деп хабарлады ІІМ өңірлік басқармасының баспасөз қызметі.