III Карл Британия патшасы болып ресми түрде жұма күні жарияланады. Содан соң ол ел ішінде патшайымды еске алу турына аттанады.
Елизавета патшайымның денесі 10 күннен соң жер қойнына табысталады. Оған дейін елде ұлттық аза тұту күні болады.
Патшайымның қайтыс болуына орай көптеген елдің басшылары көңіл айту жеделхатын жолдады. Джо Байден, тіпті, өз мәлімдемесінде II Елизавета британ монархы ғана болып қоймағанын, ол тұтас дәуірдің бейнесін қалыптастырғанын атап өткен.