Ханзада Гарри мен Меган Маркл Еуропарламентке барды

АСТАНА. KAZINFORM — Сассекс герцогинясы Меган Маркл және оның күйеуі, ханзада Гарри бүгін Еуропа Парламентіне барды. Брюссельде олар интернетте балаларды қорғауға арналған іс-шараға қатысты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің ЕО-дағы меншікті тілшісі.

Фото: AOL UK

Батыс басылымдарының жазуынша, Меган әкесі АҚШ-та тұтқындалғалы көпшілік алдына алғаш рет шығып отыр.

10 қарашада Сассекс герцогы мен герцогинясы Еуропа Парламентінің Paul-Henri Spaak ғимаратына келді. Жұп интернеттің зардабынан өміріне зиян өміріне келтірілген зияннан өміріне зиян келген балаларды еске алуға арналған Lost Screen Memorial («Жоғалған экран мемориалы») өнер инсталляциясын ашты. Жоба жұптың Archewell қорының қолдауымен іске асырылған және бұрын Нью-Йоркте көрмеге қойылған болатын.

Іс-шараны бала құқықтары жөніндегі партияаралық топтың вице-президенті, Испания парламентінің депутаты Антонио Лопес-Истурис ұйымдастырды. Оған Еуропа Парламентінің президенті Роберта Метсола да қатысты. Іс-шарада кәмелетке толмағандардың интернеттегі қауіпсіздігі мәселелері, соның ішінде Еуропа комиссиясы ұсынған EU Kids Act заңының жобасы талқыланды.

Бастапқыда герцог пен герцогиня сөз сөйлеуі жоспарланған. Алайда Меган Маркл сөйлеуден бас тартты. Жұпқа жақын дереккөздердің айтуынша, ол көпшілік алдында сөйлеуге ол өзін «эмоционалды тұрғыдан жеткілікті дәрежеде күшті сезінбейді». Ханзада жалғыз баяндама жасады.

— Мен мұнда сарапшы немесе саясаткер ретінде емес, әке ретінде келдім. Жұбайым ана ретінде келді, — деді Сассекс герцогы аудиторияға үндеу тастап.

Ол балаларды мектепте, ойын алаңында және цифрлық кеңістікте, жалпы барлық жерде қорғау қажеттілігін атап өтті және технологиялық компаниялардан жауапкершілікті күшейтуді талап етті.

Меган Маркл іс-шараға қатысқанмен, журналистердің өзінің жағдайы туралы сұрақтарына жауап бермеді.

Сапардың алдында герцогиняның әкесі Томас Маркл қамауға алынған болатын. Оған АҚШ-та балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық туралы материалдарды сақтады деген айып тағылды. Меган Марклдың өзі бұған дейін бұл хабарламаларға «қатты ренжігенін» және әділдік орнауына үміттенетінін мәлімдеген болатын. Жұп Томас Марклмен көп жылдан бері араласпайды.

Бұрын Ханзада Гарри мен Меган Маркл «Ата-аналар желісі» жобасын іске қосқан болатын.