Ханзада Микаса императорлық отбасының 100 жасқа толған алғашқы өкілі атанды
19:19, 02 Желтоқсан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ханзада Микаса жапониялық императорлық отбасының 100 жасқа толған алғашқы өкілі атанды. Бұл туралы The Asahi Shimbun жазды.
Ханзада 1915 жылы 2 желтоқсанда дүниеге келген. Ол император Хирохитоның кіші інісі және қазіргі император Акихитоның ағасы. Микасаның тоғыз немересі мен төрт шөбересі бар.
«Бүкіл әлемдегі халық бақытты болса екен деп, күндерімді қуаныш пен тыныштықта өткізсем екен деп тілеймін. 70 жылдан астам уақыттан бері мені қолдап келе жатқан жарым Юрикоға алғысым шексіз», - делінген императорлық сарай істері жөніндегі басқарма таратқан ханзаданың мәлімдемесінде.
Микаса мен Юрико күн сайын бір келілік гантельмен жаттығу жасайтыны аталып өтілді. Ол шамамен 30 минутқа созылады.