Харбинде әлемдегі ең ірі мұз бен қар саябағы ашылды
00:29, 19 Желтоқсан 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Әлемдегі ең ірі мұз бен қардан жасалған саябақ Қытайдың солтүстік-шығысында ашылды. Бұл туралы Синьхуа хабарлады.
Әлемдегі ең ірі мұз бен қардан тұрғызылған саябақ «Мұз бен қардың үлкен әлемі» атты 27-фестиваль сәрсенбі күні таңғы сағат 10:00-де Қытайдың солтүстік-шығысындағы Хэйлунцзян провинциясының әкімшілік орталығы, «мұзды қала» атанған Харбинде келушілер үшін ресми түрде ашылды.
Биыл саябақ ұйымдастырушылары аумақ көлемі бойынша рекорд орнатты: кешеннің жалпы аумағы 1,2 миллион шаршы метрге жетті, ал пайдаланылған мұз бен қардың көлемі 400 мың текше метр.
Айта кетелік бүгін Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды.