Харри Магуайр футбол тарихындағы ең қымбат қорғаушы атанды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Манчестер Юнайтед» «Лестер» клубының және Англия құрамасының қорғаушыларын сатып алатынын мәлім етті. 26 жастағы ағылшындық футболшы Харри Магуайр 87 млн еуроға бағаланып, спорт тарихындағы ең қымбат қорғаушы атанды, деп хабарлайды eurosport.

Харрименкелісімшарт 6 жылға жасалды. 26 жастағы қорғаушы бір маусымда шамамен 9 млнеуро алады деп күтілуде.

Бұған дейін әлемдегі ең қымбат қорғаушы Вирджил ванДейк болған еді. 2018 жылы ол «Саутгемптоннан» (Ливерпульға» 75 млнфунтқа ауысты.

Соңғы жаңалықтар