Харрисон Форд Лос-Анджелестегі дербес үйін сатуға шығарды
04:15, 10 Сәуір 2012
АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Американдық актер Харрисон Форд лос-анджелестік Брентвуд (Brentwood) ауданындағы имениесін сатуға шығарды. Realtor порталының хабарлауынша, жылжымайтын мүлік үшін ол 8,295 миллион АҚШ долларын алмақшы.
1950 жылдардың басында салынған басты дербес үйі мен үш қонақжайының жалпы аумағы шамамен 665 шаршы метрді құрайды. Онда жеті жатын бөлме, сегіз жуынатын бөлме, кең қонақ бөлмесі, ас үйі, асхана, бірнеше камин, кітапхана және бар орналасқан. 0,32 гектар жерді алып жатқан іргелес жатқан аумақта бассейн мен бақша бар.
The Real Estalker порталының ақпаратынша, Форд бұл дербес үйді 1983 жылы сатып алған еді. Сол кезде үйге шамамен 1 миллион доллар төлеген.
Бұдан бұрын Фордтың Лос-Анджелеске жақын жерде орналасқан Mandeville Canyon деген жерден 12,65 миллион долларға дербес үй сатып алғаны хабарланған еді. Үйдің жалпы аумағы 1280 шаршы метрді құрайды.