Түсірілімді Pinewood ағылшын киностудиясы Лондонға жақын жерде жүргізіп жатқан. БАҚ мәліметтері бойынша, Фордтың аяғына бір ауыр зат құлап кеткен, кейбір деректерге қарағанда, ол гидравликалық есік болған.
Сонымен бірге, актердің жарақаты кинокартинаның түсіріліміне бөгет болмауы тиіс деп те хабарлануда. Фордтың ресми өкілдері бұл мәліметтерге байланысты әлі ешқандай түсініктеме берген жоқ.