Аталған баспадан Муракамидің бес кітабы шығарылған. Олар: «Ғажайыпқа толы тынымсыз мемлекет және Ақырзаман», «Зауыт құстарының өмірі», «1Q84», «Құдайдың барлық пенделері билей алады» әңгімелер жинағы және Uten Enten жол жазбалары, деп хабарлайды «Егемен Қазақстан» lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Жазушы бұған дейін 13 кітап шығарған. Соңғы рет ол «Түссіз Цкуру Тадзаки және оның саяхатпен өткізген жылдары» романын жазған. 2013 жылы шыққан бұл туынды Күншығыс елінде бір жыл ішінде ең көп сатылған кітап болды.
Айта кетейік, Харуки Мураками - әлемге танымал жапон жазушыларының бірі. Ол бірнеше рет «Нобель» сыйлығына үміткер болған.