Харуки Муракамидің жаңа кітабы шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда Харуки Муракамидің «Әйелсіз еркектер» атты жаңа кітабы сатылымға шықты, деп хабарлайды Reuters.

Жинақта «Менің көлігімді жүргіз», «Кеше», «Шахерезада» «Әйелсіз еркектер» сынды алты туынды қамтылған. Әр бөлім өз сүйіктілерінен белгілі бір себептермен айырылған ерлердің әңгімесі жайлы сыр шертеді. Жасы 65-ті алқымдаған Мураками жаңа заман жазушыларының ішіндегі атақтыларының бірі. Ол бірнеше рет Нобель сыйлығына үміткер болып үлгерген. Ал оның еңбектері әлемнің 40-тан астам тілдеріне аударылып танылды.

Жазушының « Түссіз Цукуру Тадзаки және оның жиһанкездік жылдары» атты алдыңғы кітабы 2013 жылғы ең сатылымды кітап болған еді.