ПАВЛОДАР.ҚазАқпарат - «HAS Holding» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың заңсыз әрекетін Қаржы мониторингі агенттігінің Павлодар облысындағы департаменті тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған қаржы пирамидасы өзін инвестициялық компания ретінде таныстырған. Ұйымдастырушылар азаматтардың сеніміне кіріп, салынған сомадан 70 пайызға дейін ай сайын пассивті кіріс келіп тұратынына сендіріп, ақшаларын түрлі жобаларға салуға көндірген.
Бұған дейін Павлодар облысында «HAS Holding» қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылғаны хабарланған болатын.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.