Хасан Қасымбаев ісі: басқа айыпталушыларға сот үкімі шықты

Фото: Еламан Тұрысбеков/Kazinform

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаев ісі бойынша қалған айыпталушыларға да үкім шықты.

Сот шешімімен іс бойынша өзге айыпталушылар кінәлі деп танылды.

* Руслан Әлиев — 20 жылға;

* Мадияр Қалимжанов — 12 жылға;

* Сайлау Ақтанов — 8,5 жылға;

* Данияр Асқаров — 8 жылға сотталды.

Ең ауыр жаза Нұрмұхамбет Сұлтанбековке берілді. Ол 22 жылға бас бостандығынан айырылды.

Олардың бәріне Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылған: адам ұрлау, қасақана ауыр жарақат салу және қорқытып ақша алу.

Еске салайық, бұған дейін осы іс бойынша негізші айыпталушы Хасан Қасымбаев кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлағанбыз.