Хасан Насралланы жерлеу рәсімі 4 қазанда өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – Ливандағы шейіттік «Хезболла» қозғалысының бас хатшысы Хасан Насралланы жерлеу рәсімі жұма күні өтеді. Бұл туралы бейсенбі күні Ирактағы ираншыл жасақпен байланысы бар Sabereen News-тің Telegram арнасы хабарлады.

Фото: Vahid Salemi / AP

Арнайы дереккөзге сілтеме жасаған қысқа мәлімдемеде Сейед Хасан Насралланы жерлеу жұма күні өтетіні хабарланған. 

Бірақ жерлеу рәсімінің орны да, уақыты да көрсетілмеген. 

«Хезболла» ұйымының бас хатшысы 27 қазанда Ливан тобының орталық штаб-пәтері орналасқан Бейруттің оңтүстік шетіндегі күшті әуе шабуылы кезінде қаза тапты. Онымен бірге астыртын штабта топтың басқа да мүшелері, сондай-ақ Иран төңкеріс сақшыларының генералы қаза тапты.

Хасан Насралла 64 жаста болған, ол топты 32 жыл бойы басқарып келген. 

«Хезболла» әлі күнге дейін көшбасшысының жерлеу рәсімі туралы ешқандай мәліметтерді жариялаған жоқ.

Бірқатар ақпарат құралдары жерлеу рәсімі қай жерде өтетіні туралы болжам айтты. Ливанның LBC радиохабар тарату корпорациясы рәсімнің Бейруттың оңтүстік шетінде, Ливанның оңтүстігінде немесе Бекаа алқабында өткізу нұсқасын болжайды. Алайда, Израильдің үздіксіз соққыларын ескере отырып, бұл нұсқа қазіргі уақытта екіталай болып көрінеді. 

Сондай-ақ, «Хезболла» оның денесін шетелге тасымалдауы мүмкін деген болжам бар, оның ең ықтимал жері имам Хусейн жерленген Ирактағы шейіттердің қасиетті қаласы Кербала болуы мүмкін.

Жексенбіде Ирак премьер-министрі Мұхаммед Шиа әл-Суданидің кеңесшісі Абдул Әмір Тайбан Х әлеуметтік желісінде Насралланың «Иракта оның атасы Имам Хусейннің қабірінің жанына» жерленетінін жариялады.