Хасан Рухани Иран президенті лауазымында алғашқы тағайындау жасады

АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Иран Президенті Хасан Рухани жаңа қызметінде алғашқы тағайындау жасады. Ол 58 жастағы Мохаммад Нахавандианды әкімшілік басшысы етіп тағайындады, деп хабарлады РБК.

Нахавандиан АҚШ-та Джордж Вашингтон университетінде экономика бойынша доктор дәрежесін алған. Сарапшылар оның тағайындалуы Иран экономикасын дамытуға және бизнес-қоғамдастықпен байланыстарды жолға қоюға бағытталған деп санайды.

Иран президентінің сайлауы 14 маусымда өтті. Рухани жаңа қызметінде бұрынғы көшбасшы Махмұд Ахмадинежадты алмастырды. Жаңа мемлекет басшысын ұлықтау бүгін өтеді.