Хайнань аралындағы кезекті тропикалық дауылдың кесірінен 100 000 адам қауіпсіз жерге көшірілді

БЕЙЖІҢ. 4 қазан. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бүгін қуатты «Налгай» тропикалық дауылы Хайнань провинциясына (Оңтүстік Қытай) жетті. Бұл курортты аралда биылғы жылы болған 19-ыншы тропикалық дауыл. Оның ошағының жанында желдің қуаты сағатына 90 шақырымды құрайды, деп хабарлады жергілікті метеоқызмет.

Сейсенбі күні Хайнань аралында қауіпті аймақтардан 100 000-нан астам жергілікті тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. 27 мыңнан астам балықшы қайығы айлақтарға қайтарылды. «Феникс» әуежайында (Санья қаласы) 60-тан астам халықаралық және ішкі әуе рейстері болдырылмады.