«Қытай тарабынан алынған ақпаратқа сәйкес, Хайнань арасында қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында шетелдік азаматтар, оның ішінде Қазақстан азаматтары жоқ», - деді Айбек Смадияров.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қытай Халық Республикасының оңтүстігіндегі аралдық провинция – Хайнань қаласында торнадо салдарынан сегіз адам қаза тауып, біреуі ауыр жарақат алды. Жергілікті биліктің мәліметінше, таңғы сағат 04.00 шамасында торнадо Даньчжоу қаласын басып өткен. Құрылыс алаңында жұмысшылардың қосалқы нысанының қирауы салдарынан сегіз адам мерт болды. Бір адам ауыр зардап шеккен. Сондай-ақ, бір жұмысшы жеңіл дене жарақатын алған.