Хайнань провинциясында нөсер жаңбыр салдарынан 200-ге жуық елді мекенді су басып, 100 мыңнан астам халық қауіпсіз жерлерге көшірілді

БЕЙЖІҢ. Қазанның 18-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Хайнань провинциясында (Қытайдың оңтүстігі) толассыз жауған нөсер жаңбыр салдарынан 200-ге жуық елді мекенді су басып, 100 мыңнан астам халық қауіпсіз жерлерге көшірілді.

Провинциядағы метеорологиялық қызметтің хабарлауынша, қазанның 15-і мен 17-сі аралығында Хайнань провинциясында орташа есеппен 229,8 миллиметр жауын-шашын жауған, соның салдарынан 200-ге жуық елді мекен су астында қалды, Хайнань аралындағы барлық өзендер арнасынан асып, 1100 су қоймасының 70 пайызы апатты жағдайға тап болды.

Метеорологтардың болжауынша, провинциядағы нөсер жуық арада тоқтамайтын тәрізді.