Осы шешімді Жойылудың алдында тұрған жабайы фауна және флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияға (ағыл. Convention on International Trade in Endangered Species of Wild Fauna and Flora, CITES) қосылған 180-нен астам мемлекет қабылдады. CITES-тің 27 тамыз күні Женевада өткен конференциясында аталған қаулының қабылдануын 87 делегат қолдап, 29-ы қарсы болған, 25-і бейтарап қалған.
Осы шешімге әсіресе, Зимбабве қарсы. Германияның Pro Wildlife ұйымының дерегіне сүйенсек, Зимбабве 2012-2017 жылдар аралығында Қытайға 108 піл төлін сатқан.