Хайуанаттар бағында тоғыз жасар баланың қолын аю жеп қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Хэнань провинциясында хайуанаттар бағындағы аю оған тамақ бермек болған 9 жасар баланың қолын тістеп алды, деп хабарлайды Associated Press.

Аталған оқиға Pingdingshan Hebin шағын бағында болған. БАҚ-тың хабарлауынша, бала қолын аюдың қоршауының арасына салған, жануар сол кезде оны бас салған. Жергілікті аурухана дәрігерлерінің сөзінше, оларға баланың оң жақ қолын түгелдей кесіп тастауға тура келген.