Бірнеше ай бұрын бұл тағы аңдар неміс цирк тобынан алынған болатын. Олар болса, хайуанаттар бағының қызметкерлерін жолбарыстарды тым кішкентай торда ұстайды деп айыптаған еді. Тағы бір түсінбейтін жағдай, жыртқыштарды Бельгияда ұйықтатып тастау туралы шешім қабылданған.
Жануарлардың өмірін сақтап қалу үшін Британия графтығындағы хайуанаттар бағының директоры Линкольншир Нил Мамби аянбай күресуге бел байлады. Оған үш мемлекет: Бельгия, Франция және Ұлыбритания арасында келіссөздер жүргізуге тура келді.
Ол ондаған шенеунікке жүздеген хат жазып, тағы соншама құжатты хайуанаттар бағында қалдыруға рұқсат алу үшін жолдаған. Ол үшін алты айдан артық уақыт пен 300 мың еуро жұмсалған.