Жекпе-жек Нью-Йорк уақыты бойынша, сағат 22-00-де көрсетіледі. Сонымен қатар, Романа Гонсалес (46-1, 38 КО) пен Висаксил Вангиктің (42-4-1, 38 КО) де жекпе-жегін қайталап көрсету жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Головкин Джейкобсты төрешілердің бірауыздан берген даусымен жеңді, ал Гонсалес өз карьерасында алғаш рет жеңілді. Осыған дейін қазақтандық боксшының промоутері Том Леффлер Головкин - Джейкобс кездесуінің HBO арқылы трансляциялануын сөз ете келе 170 мың жазылушы туралы айтқан болатын.