АСТАНА. ҚазАқпарат - HBO телеарнасының журналисі Эрик Рэскин Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) пен Райан Барнетт (17-0, 9 КО) арасында өтетін кездесуге болжам жасады, деп хабарлайды Sports.kz.
«Барнеттің соққылары шапшаң әрі қолы жылдам, техникалық стильде жұдырықтасады. Ол ұрған соң бірден ринг ішінде шапшаң қозғала алады. Жақиянов болса шабуылдай отырып ұрыс салғанды ұнатады. Сол себепті Райан жеңеді деп есептеймін», - дейді Рэскин.
Айта кетейік, аталған жекпе-жек 21 қазан күні Слтүстік Ирландияның Белфаст қаласында өтеді.
Ербол Жанат
Журналистика саласындағы еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Kazinform ХАА-да 2014 жылдан бері тілші, шығарушы редактор болып еңбек етті. Қазіргі қызметі - шеф-редактор.