Хельсинкиде Елбасы Н. Назарбаевтың фин тілінде жарық көрген «Қазақстандық жол» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

ХЕЛЬСИНКИ. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Финляндия астанасы - Хельсинкиде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың фин тілінде жарық көрген «Қазақстандық жол» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл шара Қазақстан басшының аталмыш елге жасап отырған мемлекеттік сапары аясында болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Елбасы өзі үшін Финляндия халқын жұмылдырған Президент Паасикивидің атымен аталатын осыншама беделді ұйымның алдында сөз сөйлеу зор құрмет екенін атап көрсетті. «Мен құрметті аудиторияға өзімнің «Қазақстандық жол» кітабымды таныстырып отырғаныма қуаныштымын», деген Елбасы кітапта Қазақстанның жаңа тарихының ең күрделі әрі жарқын сәттері жайлы, сондай-ақ қазіргі заманғы тәуелсіз мемлекет құрудағы тынымсыз еңбек туралы айтылатынын атап көрсетті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы жиналғандарға Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында саясатта, экономикада, гуманитарлық салаларда қол жеткізген табыстары мен қоғамды демократияландырып, азаматтық қоғам құрудағы атқарған жұмыстары жайды егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ қазіргі әлемдік дағдарысқа қарсы Қазақстанда қабылданған шараларға тоқталды.