Куәгердің Yle телекомпаниясына берген мәліметі бойынша, көлік стансаға 300 метр қалғанда тротуарға шығып кеткен, сосын жүйткіген күйі келіп бір топ адамға және тағы бір жеңіл көлікке соғылған.
Оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем машинасы келіп жетті, деп жазады newsru.com.
"Интерфакс" келтірген деректер бойынша 7 адам зардап шеккен. Кем дегенде 3 адамның жағдайы ауыр. Қаза тапқандар жоқ.
Көлік жүргізушісі қазіргі сәтте қолға түскен.