EZ10 автобусын EasyMile француз компаниясы жасап шықты. Сәуір айында осы стартап Дубай әкімшілігімен өздігінен жүретін автобустарды сынау туралы келісім жасасты. Сондай-ақ осы автобустарды Жапонияның сауда орталықтарында адам тасымалына пайдаланылу жөнінде шарт жасалған.
Қазір Финляндия астанасында екі автономды автобус жүр, олардың тестілік режімдегі жылдамдығы сағатына 11 километрден аспайды. Олар Хернесаари маңында белгіленген бағдарда қатынауда. Өйткені елдің заңы көлік жүргізушісінің рөлде отыруын талап ететіндіктен, оператор камера арқылы қашықтан жағдайды бақылап отырады. Қандай да бір оқиға болып жатса ол басқаруды өз қолына алады.